Ертең Түркістан облысында әкім ауысуы мүмкін

Автор: Мақсат Әсел

Депутаттар облыс әкімін тағайындау үшін жиналмақ

Фото: istockphoto.com

Ертең Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтетіні белгілі болды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық мәслихатқа сілтеме жасап.

Детутаттар Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беру қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес жиналады.

Күн тәртібіндегі негізі мәселе – Түркістан облысы әкімінің кандидатурасына келісім беру. Облыстық мәслихат аппаратының төрағасы Н.Әбішовтың арнайы шақыртуы ресми сайтта жарияланды.

Түркістан облысын Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды басқарып келгені белгілі. Ол бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған.