Бұндай шешімді Сеул соты қабылдаған
Сеул Соты қызметінен шеттетілген Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Елді тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
«Бүлік жасамақ болды», «мемлекетке сатқындық жасады» деген сияқты күдікке ілінген Юн кейінгі екі аптада үш рет тергеуге шақырылды, бірақ ол ешқайсысына бармаған. Өткен жексенбіде тергеушілер соттан Юнды қамауға ордер беруді сұраған.
Оңтүстік Корея қазір саяси дағдарысты басынан өткеріп жатыр. Қызметінен алынған президент Юн Сок Ел елде әскери жағдай жариялап, саяси жағдайды ушықтырып алды. Парламент оның мұрагеріне де импичмент жариялады.
Юн Сок Ел - Оңтүстік Кореяда билікте отырып тұтқындалған алғашқы мемлекет басшысы.