Руслан Жақсылықов жаңа лауазымға ие болды

Автор: Бақыт Шынар

Қорғаныс министрі енді самбо федерациясын басқармақ

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның спорт және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, еліміздің қорғаныс министрлігін басқарып отырған Жақсылықов дзюдодан спорт шебері, әртүрлі жарыстарға қатысып, самбо мен дзюдо чемпионаттарының жеңімпазы атанған.