Бұл лауазымды енді Талғат Мұратов атқарады
Бүгін Абай облысы Семей қаласына жаңа әкім келді – енді бұл лауазымды Талғат Мұратов атқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, Талғат Мұратов Алматы облысында туған, Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын, Қазақстан инновация университетін, Қазақ қатынас жолдары университетінде білім алған.
Бұл қызметіне дейін Жарма ауданы әкімінің орынбасары және Бесқарағай ауданының әкімі болып жұмыс істеген.
Ал, Семейдің экс-әкімі Нұрбол Нұрсағатов қаладағы бас шыршаны құрып жатқан мұғалім биіктен құлап, жараланған соң жұмысынан кетті.