Бұл саяси шара келесі жылы осы уақытта өтуі мүмкін
Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында ұйымға Қырғыз елінің төрағалық етуі жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент ұйымға төраға Қырғызстан болған кезеңде серіктестерінің жан-жақты қолдауын күтетінін айтты.
«Бірлескен күш-жігер аясында ҰҚШҰ аясында ынтымақтастығымызды нығайта түсіп, сын-қатерлерге тиімді жауап бере отыра, ұйымның имиджін арттыра түсеміз деп ойлаймыз. Осы орайда Қазақстанды ұжымға сәтті төрағалық еткенімен құттықтаймын. ҰҚШҰ-ның кезекті отырысын 2025 жылдың төртінші тоқсанында өткізуді ұсынамын»,- деді Жаппаров.
Отырысқа қатысқан ұйымға мүше елдер келесі отырысты Қырғызстанда өткізу жайлы құжатқан қол қойды.