Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі серіктестерінің бірі
Белградта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясын ерекше құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ №01 Telegram каналына сілтеме жасап.
Сербия астанасының символына айналған «Белград мұнарасында» еліміздің көк байрағы бейнеленді.
Биіктігі 168 метр болатын мұнара биылғы 15 қазан күні ашылған болатын.