19.11.2024, 12:12
Саясат
Қазақстанның да, шетелдің де костюм-шалбарын кие беремін – Шаққалиев
Бүгін үкіметтегі брифингте журналистер оған отандық өнім туралы сұрақ қойды
Фото: скриншот
Бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистердің сұрағына жауап берген сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үстіндегі костюм-шалбары отандық өнім екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, сауда-саттық болған соң елдер арасында тауар айналым үзілмеуі керек. Содан болса керек министр ара-тұра шетелдің импортын тұтынатын көрінеді.
«Менің дәл қазір киіп отырған костюм-шалбарым Қазақстанда тігілген. Әрине, бізде матаның түрлері түгел шықпайды. Несін жасырайын, шетелдің де де костюм-шалбарын киемін. Сауда дегеніміз осы – өзіміздікі де болады, шетелдікін де әкелу керек», - деді ол.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды