Грузияда наразылық білдірушілер жаңа сайлау өткізуді талап етті

Автор: Аягөз Құрмаш

Тбилисиде халық алаңға шықты

Фото: https://x.com/AnnaGvarishvili/status/1850938553926369476

Оппозиция парламенттік сайлауда нәтижелер жалған болғанын алға тартып, қайта өткізуді талап етті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарушы партия барлық айыптауларды жоққа шығарады. Тбилиси көшелеріне мыңдаған адам өткен парламенттік сайлаудың нәтижелерімен келіспейтіндіктерін білдіру үшін шықты.

Наразылық акциясына қатысушылар халықаралық ұйымдардың бақылауымен жаңа сайлау өткізуді талап етті.

ОСК мәліметтері бойынша, «Грузин арманы» басқарушы партиясына сайлаушылардың 54,8% дауыс берді, бұл дауыс партияның парламентте болуын қамтамасыз етеді.

Осыған дейін Грузия президенті халқын бейбіт митингіге шығуға шақырған еді.