Тоқаевтың кеңесшісі әлеуметтік желілерде ашылған фейктерге сенбеуге шақырды
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук әлеуметтік желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жалған аккаунт ашылғанын жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта Мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын», - деп жазды Берік Уәли.