15.05.2020, 12:06
Саясат
Ақпарат вице-министрі болған Нұргүл Мауберлинова Президент Әкімшілігіне қызметін ауыстырды
Бұл қызметті бұған дейін Ғани Нығметов атқарған болатын
ortcom.kz
Осыған дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде министрдің орынбасары қызметін атқарып келген Нұргүл Мауберлинова ҚР Президенті Әкімшілігіне бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының бұл туралы өкімі Ақорданың ресми сайтында жарияланған.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды», - делінген Президенттің өкімінде.
Бұған дейін Ішкі саясат бөлімін Ғани Нығметов басқарып келген болатын. Ол да Мемлекет басшысының өкімімен қызметінен босатылды. Ақорданың ресми сайтында Ғани Сақтағанұлының өзге қызметке ауысқаны жайлы хабарланған.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды