Вьетнамның жаңа президенті сайланды

Автор: Аягөз Құрмаш

Кадрлық өзгеріс бұрынғы президенттің басқа қызметке тағайындалуына байланысты болды

Фото: AP Photo/Minh Hoang

Вьетнам ұлттық ассамблеясы коммунистік партияның орталық комитеті хатшылығының тұрақты мүшесі генерал Луонг Куонгты елдің жаңа президенті етіп сайлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның кандидатурасын 440 депутат қолдаған. Луонг Куонг 15-ші сайланған ұлттық жиналыстың сегізінші сессиясында президент ретінде сайланып отыр.