Іс-шара Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палатасында өтеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапары барысында халықаралық форумға қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысу үшін Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ғимаратына келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды», - деп мәлімдеді Ақорда.
Айта кетейік, бұл күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанда жүр.