Ана мен баланы қорғауға қатысты заң қабылданды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев ана мен баланы қорғау мәселесіне қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.