«Құп болады!»: су жаңа сенатор неге депутат болғанын айтып берді

Автор: Azattyq Rýhy

Марат Қожаев бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары болған

видеодан скриншот

Бүгін сенаттың жалпы отырысына алғаш рет депутат статусында келген Марат Қожаев оны бұл қызметке президент тағайындағанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның тәжірибесі енді сенатқа керек деп шешкен.

«Менің ендігі міндетім – мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау. Енді сіздерге (журналистерге – ред.) жақын бола түсемін. Бұрын да қатты қашпайтын едім, енді мүлде қашпаймын», - деді БАҚ өкілдерімен әзілдесе сөйлескен ол.

Оның айтуынша, сенат депутаты болу – тікелей президенттен түскен тапсырма.

«Өздерің білесіздер, мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуды тапсырды. Сондықтан, сенат депутаты ретінде осы бағытта жұмыс істеймін. Мен сот жүйесі комитетіне бөліндім. Сондықтан, заңнама мәселелерімен айналысамын. Президент мені сенатқа жұмыс істеу үшін жіберді, мен шен тағып жүрген офицер ретінде «құп дедім», - дейді ол.