$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сенат депутаты болған Марат Қожаев ант берді

Бұрын ол ІІМ басшысының бірінші орынбасары болған

Сенат депутаты болған Марат Қожаев ант берді
Фото: видеодан скриншот

Президент жарлығымен жуырда сенат депутаты болып тағайындалған Марат Қожаев Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген депутаттың мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді ол Сенаттың жалпы отырысында.

Марат Қожаев Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына сайланды.

Естеріңізге салайық, Марат Қожаев бес жарым жылдай ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болды. Жуырда президент оны бұл лауазымнан босатып, сенат депутаты қызметіне тағайындаған.

Серіктес жаңалықтары