Қазір премьер-министрдің бірінші орынбасары болып отырған Склярдың мамандығы – құрлысшы
Бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мемлекеттік қызметтен кетсе, қай салада жұмыс істегісі келетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Болашақта премьер-министр боламын деген амбиция бар ма?» деп сұрады журналистер одан.
«Бұған дейін ешкім менен «болашақта кім боласыз?» деп сұрамаған еді. Бірінші мамандығым құрлысшы болған соң, мен кейде достарымның арасында қалжыңдап, «мемлекеттік қызметтен кеткен соң құрлысшы боламын» деймін. Бірақ, шыным сол, маған құрылыс саласы қатты ұнайды, сондықтан, үкіметтегі жұмысымнан кейін сол салаға барамын. Бұдан басқа амбициям жоқ», - деп жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін журналистер премьер-министрдің тағы бір орынбасары Қанат Бозымбаевқа да дәл осы сұрақты қойған еді. Әріптесі Склярдан қарағанда, Бозымбаев бұл сұрақты өсекке теңеген еді.