Бүгін ел бойынша 10 249 референдум учаскесі жұмыс істеді
Бүгін, 2024 жылдың 6 қазаны күні кешкі сағат 20:00-де Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, өңірде барлығы 10 249 референдум учаскесі жұмыс істеді.
Дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 12 млн 244 мың 683 азамат енген.
Орталық референдум комиссиясының кешкі сағат 18:00-дегі мәліметіне сүйенсек, ел бойынша 7 537 675 азамат бюллетень алған. Бұл тізімдегі азаматтардың 61,56 пайызын құрайды.
Соңғы мәлімет бойынша, шет елдердегі референдум учаскелерінде Қазақстанның 7358 азаматы дауыс берген.
Дауыс берушілер туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 21:00-де белгілі болады.