«Азаматтық позициямды білдірдім»: Ерлан Саиров референдумда дауыс берді

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл референдум еліміздегі үшінші саяси ауқымды іс-шара болып отыр

Фото: facebook.com/e.sairov

Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Ерлан Саиров референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің еліміздегі өте маңызды дүниенің бәрін халқымыз өзі шешуі керек. Сондықтан менің ойымша, бұл елді дамытудың, мемлекетті әрі қарай алға қарыштатудағы үлкен қадам», - деді депутат.

Ол қоғамның саяси мәдениеті осылай шыңдалатынын жеткізді.

«Өзімнің азаматтық позициямды білдірдім. Референдум саяси плюрализмнің белгісі. Қоғамның саяси мәдениеті осындай процедуралар арқылы шыңдалады. Бұл - Қазақстанның саяси тарихындағы үшінші референдум. Норма және процедура арқылы «Институционалды демократияға» бағыт алдық», - дейді Ерлан Саиров.