Ол Қазақстанның болашағы үшін таңдау жасағанын айтты
Текелік бүркітші Бүркітбай Файзулла №448 дауыс беру учаскесіне құмай тазы, бүркітін ала келіп, отбасымен бірге дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүркітшілер отбасы бұл маңызды күні арнайы қазақы нақышта тігілген ұлттық киім үлгілерімен киініп, дауыс беру учаскесіне жиналған көпшіліктің көзайымына айналды.
«Қазақтың жеті қазынасының бірі құмай тазы мен қыран бүркіттің қасиеті қолдап, Қазақстанның болашағы үшін өз дауысымды бердім. Жасампаз елдің ұрпағымыз, келер күніміз шуақты болсын», - дейді бүркітші.
Текеліліктер референдумға белсенді қатысып жатыр.