АЭС бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп саналады

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол үшін азаматтардың тең жартысы дауыс беруі керек

Фото: freepik

Орталық референдум комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров референдум қандай жағдайда өтті деп саналатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Егер дауыс беру тізіміне енген азаматтардың жартысынан көбі қатысса, референдум өтті деп есептеледі. Дауыс беру тізіміне  дауыс беруге құқығы бар 12 миллион 244 мың 683 азамат енген Осы тізімдегі азаматтың жартысы дауыс берген жағдайда, референдум өтті деп саналады», - дейді Константин Петров.

Еске салсақ, 6 қазанда елімізде АЭС мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтеді.