Олар үшін 3700-ден астам семинар ұйымдастырылған
Орталық референдум төрағасы Нұрлан Әбдіров референдум алдында қанша комиссия мүшесі арнайы семинардан өткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Науқанның маңызды тұсы - референдум комиссияларының мүшелері мен басқа қатысушыларын оқыту. Оқыту шаралары каскадты әдіс бойынша өтті. Олар үшін 3700-ге жуық семинар ұйымдастырылды. Осылайша, барлық деңгейдегі комиссия учаскелерінің 70 мыңнан астам мүшесі оқытылды»,- дейді ол.
Айта кетейік, елімізде 6 қазанда жалпыұлттық референдум өтеді. Бүгін Орталық референдум комиссиясы дайындық іс-шаралары жайлы есеп берді.