Тоқаев сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Нұртілеу президентке министрліктің қызметі туралы ақпарат берген

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, Мұрат Нұртілеу президентке министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берген.

«Сыртқы істер министрі Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.Кездесуде Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды», - деп хабарлады Ақорда.

Дереккөзге сүйенсек, мемлекет басшысы сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.