Тоқаев Германия президентін Бірлік күнімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы сондай-ақ неміс халқына ізет танытты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.

«Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді», - деп жазған Ақорда.