Лукашенко Қазақстан ол үшін уақыт сынынан өткен дос екенін айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол елімізді Беларусь үшін маңызды стратегиялық серіктес және одақтас деп атады

Фото: Ақорда

Беларусь пен Қазақстанның ортақ мүддесі көп. Беларусь президенті Александр Лукашенко бұл туралы шет мемлекеттер елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Қазақстанды Беларусь үшін маңызды және уақыт сынынан өткен дос, стратегиялық серіктес және одақтас деп атады.

«Бүгінде бізде ортақ мүдделер болмайтын сала  жоқ. Жыл сайынғы миллиардтаған тауар айналымы және өнеркәсіптік кооперациядағы табысты жобалар ынтымақтастықтың жоғары динамикасын айғақтайды», - деді Беларусь басшысы.

Александр Лукашенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі кезінде елімізге көрсеткен жан-жақты қолдауы үшін алғысын білдірді.