Асылов Германияның делегациясына Бас прокуратураны аралатып көрсеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Мюнхеннан келген делегация еліміздің прокуратура жүйесінде жаңалықтармен танысқан

Фото: Бас прокуратура

Бас прокурор Берік Асылов Мюнхеннің Бас прокуроры Рейнхард Рёттлемен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесудің мақсаты халықаралық ынтымақтастықты нығайту, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылау және прокурорлық қызметте ІТ-технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу еді. 

«Кездесу барысында  Бас Прокурор Берік Асылов қонақтарды Қазақстан прокуратурасының мемлекеттік органдар жүйесіндегі рөлі мен орны, сотталғандардың құқықтарын қорғау, активтерді қайтару және бизнесті қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, Қазақстан мен Германия арасындағы, оның ішінде қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Асылов қонақтарға Бас прокуратураның ішіндегі орталықтың мүмкіндіктері мен жұмысын көрсеткен.