16.09.2024, 16:50
Саясат
Германия канцлерінің сапарынан кейін қазақ-неміс мектебі ашылатын болды
Ақордада тиісті меморандумдарға қол қойылды
Фото: Ақорда
Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапары барысында екі ел арасында бірнеше құжатқа қол қойылды. Соның ішінде бірлескен институт пен қазақ-неміс мектебін ашу туралы меморандум бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия канцлері Олаф Шольц Ақордада келіссөз өткізгеннен кейін, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен декларация қабылдады.
Сонымен қатар ресми делегация мүшелері бірқатар құжаттарға қол қойды:
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры және Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы қазақ-неміс мектебін құру ниеті туралы меморандум;
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанынан Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтын құру жөніндегі ниет туралы меморандум;
- Қазақстан Ұлттық банкі мен Дойче Бундесбанк арасындағы Орталық банктер ынтымақтастығының техникалық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
08.11.2026, 11:00
Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 18:13
Қызылордада полицейлер жоғалған 6 жасар баланы аман-есен тапты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды