Элиманов 2021-2024 жылдары да осы агенттікті басқарған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен Дмитрий Малаховты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатып, оның орнына Жанат Элимановты тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп хабарлады Ақорда.
Сонымен қатар, президенттің өкімімен Әли Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.