Немістер Қазақстанда литий іздеп жатыр - Қанат Шарлапаев

Автор: Azattyq Rýhy

Егер тапса немістер елімізде зауыт салады

Фото: Istockphoto

Германия сирек кездесетін металлдарға, соның ішінде литий металлына барлау жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Ақордада өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір Германия тарапынан сирек кездесетін металлдарға қатысты қызығушылық жоғары. Неміс компанияларының біреуі қазір Қазақстанда литий іздеу бойынша геологиялық барлау жүргізіп жатыр. Егер тапса, литий өндіретін зауыт салу туралы жоспар құрып отыр», - деп хабарлады министр.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанға ресми сапармен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц келді.