11 мамырда ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Отырысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткізеді

11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

«Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр», - деп жазды ол Facebook парақшасында.