Бұл туралы қоғам белсендісі Салтанат Тәшімова жазды
Бүгін, 12 қыркүйек күні Алматыда полиция қызметкерлері танымал журналист Асхат Ниязовты ұстап алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оны қолға түсірген сәттегі видеоны Алматыдағы белсенді Салтанат Тәшімова түсіріп алған. Бейнежазбадан көріп тұрғанымыздай, Асхат Ниязовты екі полицей қоршап алған. Ал оның операторын тағы үш полицей ұстап әкетіп барады.
Ташимованың ақпаратына сүйенсек, Асхат Ниязовты Алматы қаласы Бостандық ауданындағы полиция бөліміне әкеткен.