АЭС мәселесін алдағы референдум маңызды ете түсті – мәслихат депутаты
Ол халықтық штабтың жұмысы жайлы айтты
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Алмат Есенбеков президенттің Жолдауындағы маңызды мәселенің бірі – АЭС мәселесі бойынша референдум жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Көптің көңілін түртіп, көкейінде жүрген іс - АЭС салу мәселесі. Президент өз Жолдауында 6 қазанда референдум өтетінін айтты. Маңыздылығы жоғары, өзектілігі орасан бастама екендігі мойындауымыз қажет. Алдағы өтер референдум да бұл істің мән-маңызын көтеріп тұрғандығы рас», - дейді Алмат Есенбеков.
Ол референдум қарсаңында құрылған халықтық штабта еліміздің пікірі маңызды тұлғаларымен қатар, жас белсенділер де бар екенін атап өтті.
«Мақсат ортақ, ол референдумға қатысуға халықты шақыру, АЭС-тің маңыздылығын түсіндіру. «Жастар рухы» жастар қанаты да осы штабта болғандығы көңіл қуантады. Еліміздің ең белсенді жастарының басын біріктірген рухтастар тобы бұл бастамада ілкімді істер атқарады деген сенімдемін», - дейді ол.