Тоқаевтың ұшағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы әуежайға келіп қонды

Автор: Azattyq Rýhy

Президенттің Қостанай облысына жұмыс сапары басталды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тоқаевты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы әуежайдан Құмар Ақсақалов қарсы алды.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады.