Тоқаев: Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден беріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Президент бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды

Фото: akorda.kz

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 мың теңгеден беріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетінін атап өтті.