$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бейбіт жиналыс өткізуді шектеу Ата заңға сай ма - Конституциялық Сот тексереді

Конституциялық Сот бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеу қою Конституцияға сәйкестігін тексереді

Бейбіт жиналыс өткізуді шектеу Ата заңға сай ма - Конституциялық Сот тексереді
Фото: Конституциялық сот

Конституциялық сот жергілікті атқарушы органдар қандай жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге рұқсат бермейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының және 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады», - деп хабарлады Конституциялық сот судья Бақыт Нұрмұхановтың сөзін келтіре отырып. 

Даулы нормаларға сәйкес, егер болжамды уақытта және таңдалған жерде басқа ресми немесе бұқаралық іс-шаралар жоспарланған болса немесе құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жергілікті атқарушы органдар бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуы мүмкін.

Сонымен қатар, уәкілетті органдарға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің үздіксіз жұмыс істеуін және инфрақұрылым объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушыларға жиналыстың орнын немесе уақытын өзгертуді ұсыну құқығы беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Бақыт Нұрмұханов жуырда біздің редакцияға экслюзивті сұхбат берген болатын. 

Серіктес жаңалықтары