$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.09.2024, 13:00
Саясат

«Күлімдеп қарағанның бәрі жазалана ма?»: сенат депутаты харассмент туралы ойын айтты (ВИДЕО)

Айта кетейік, экс-депутат Асқар Садықов әріптесіне харассмент жасады деген күдікке ілінген

Қоғамдағы харассмент мәселесі заңға норма болып енсе, оны жазалауда жан-жақты тергеу және тексеру керек. Бұл туралы сенат депутаты Әлішер Сатвалдиев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің жеке пікірім, ойым, тұжырырым - қазақы ортадағы тәрбиеміздің арқасында мұндайға бармауымыз керек. Бұл жерде басты мәселе – адамның тәрбиесі мен ішкі жігері. Ішіндегі тәрбие мықты болуы керек. Отбасыда жас кезімізден сол нәрсені бойымызға сіңіру керек. Әрине, батыс  өркениеті мен ғаламданудың бір белгісі ретінде оны заңға енгізу мәселесі керек. Бірақ оны асыра сілтеудің қажеті жоқ деп ойлаймын», - деді ол журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

«Егер харассментке қарсы норма күшіне еніп жатса, күлімдеп қараған кез келген адам жазаланып кетуі мүмкін деп ойлайсыз ба?» деген сұраққа депутат бұл мәселеде ұқыпты болу керек деген пайымын жеткізді.

«Бұл мәселеде ұқыпты болу керек. Біреуді қаралағаннан кейін жала жабу болуы мүмкін. Бұның бәрін құқық қорғау органдары айғақ арқылы дәлелдеуі керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары