Тоқаев Тәжікстанда ұлттық тағамдар көрмесін аралады (ФОТО)

Автор: Молдатай Сымбат

Көрмеге ауыл шаруашылығы өнімдері де қойылды

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға көрмеде көкөністер мен жемістер таныстырылды.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшыларына ұлттық тағамдар, соның ішінде аспаздар ерекше талғаммен әзірлеген палау түрлері, таба нандар мен күлшелер көрсетілді.