Салтанатты қарсы алу рәсімі «Қасри Миллат» сарайында өтті
Душанбеге мемлекеттік сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, ресми шара кезінде Тоқаевтың құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылған.
«Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды», - деп жазады Ақорда.
Салтанатты қабылдау шарасынан кейін Тоқаев пен Рахмон Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізген.