Алты жарым сағатқа созылған келіссөздер кезінде РФ Президенті Владимир Путин мен Тайып Ердоған екі ел арасындағы өзара келісім меморандумына қол қойды деп хабарлайды sm-news.ru ақпараттық порталы.
Мәлім болғандай құжат 10 тараудан тұрады. Меморандумға сәйкес екі тарап Сирия аумақтық тұтастығы мен саяси бірлігінің сақталуы және терроризммен күресу ниеттеріне басымдылық танытып келісімге келген. .
Мемлекет басшылары Адана келісімінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, 23 қазан күні Түркияның Сириямен шекарасында «Бейбітшілік көзі» аймақтан тыс операциясына Ресей әскери полициясының және Сирия шекара қызметінің бөлімшелері енгізілуде.
Меморандум негізінде 23 қазан күні сағат 12.00 де ресейлік әскери құрылымы мен қарулы күштері Сирия-Түркия шекарасынан 30 км аумағынан 150 сағатта шығып кетеді деп жоспарланып отыр.