Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауыс-түйіс

Президент жарлығымен Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл қызметті атқарған Аида Балаева кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Ал Тамара Дүйсенова бүгінге дейін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы қызметіне болған.