Нұрсұлтан Назарбаевтың байлығы мемлекетке қайтарылмайтын болды

Автор: Нұргүл Абай

Жоғарғы сот қазақстандықтың талап-арызын қанағаттандырмады

Фото: nazarbayev.kz

Қазақстан азаматы Қайыргелді Смағұлов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бар байлығын мемлекетке қайтару үшін Жоғарғы сотқа жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алайда Жоғарғы сот істі қараудан бас тартты.

«К.С.Смағұлов барлық мүлік пен активтерді мемлекет пайдасына тәркілеу туралы талап-арызбен жүгінді. Ол мұндай талабын Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті лауызымын атқарған кезде өз іс-әрекеті арқылы бүкіл азаматқа қауіп төндірді деп түсіндірді», - делінген қаулыда.

Жоғарғы сот Астананың ауданаралық, қалалық соттары шығарған шешімдерді қайта қарауға еш негіз жоқ деп тапты. Осылайша Смағұловтың талабы үшінші рет қанағаттандырылмады.