19.08.2024, 15:20
Саясат
Астанадағы ең жас әкімнің бірі жұмысынан кетті
Жүсіп Жұмағұлов елордадағы жаңа аудандардың біріне әкім болған
Фото: instagram.com/zhusup_zhumagulov/
Астана қаласында жаңадан құрылған Нұра ауданын 1,5 жыл басқарған Жүсіп Жұмағұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
32 жастағы экс-әкім өзінің қызметтен кеткенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
«Бүгін Нұра ауданының әкімі ретіндегі соңғы жұмыс күнім болды. Мансабымдағы жаңа кезеңге байланысты жұмыс орнымды ауыстырмақпын. Бұл бір жарым жыл өмірімнің қызықты, кейде қиын, бірақ маңызды және нәтижелі бөлігі болды», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Жүсіп Жұмағұлов 1992 жылы туған. Президент кадрлық резервінің түлегі.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды