15.08.2024, 20:09
Саясат
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Шахбаз Шарифтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Пәкістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифті Пәкістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Пәкістанның өз мемлекеттілігін нығайту және өркениетті қоғам құру ісінде елеулі табысқа жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің Пәкістанмен арадағы екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.
Президент Премьер-министр Шахбаз Шарифтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Пәкістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды