$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда «Almaty Leaders» жобасы аясында стритбол турнирі өтті

Турнирге 60 адам қатысты 

Алматыда «Almaty Leaders» жобасы аясында стритбол турнирі өтті
Фото: «Жастар Рухы»

Алматыдағы Горький саябағында «Almaty Leaders» жобасы аясында Streetball Almaty турнирі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Іс-шараны Алматы қаласының Жастар саясатының басқармасының қолдауымен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты мен Шымкент қаласындағы «Жастар Рухы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Турнирге шамамен 60 қатысушы жиналып, ойын еркін форматта өтті. Бұл кез-келген ниет білдірген ойыншылардың қатысуына мүмкіндік берді. Турнирдің құрметті қонағы Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Серік Есматов жастар спортын дамытуға бағытталған осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Турнир барысында келесі жеңімпаздар анықталды:

- 1 орын – "Томирис" командасы

- 2 орын – "Titan" командасы

- 3 орын – "Splash Brothers 228" командасы

Жеңімпаздар кубоктар, медальдар және дипломдар,  ал барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Streetball Almaty турнирі тек спорттық іс-шара ғана емес, сондай-ақ, Алматы жастарының арасында бірлікті нығайтуға және спорттық рухты дамытуға бағытталған маңызды оқиғаға айналды.

Серіктес жаңалықтары