Әскерилерді әлеуметтік қолдау күшейеді: Тоқаев қорғаныс министрін қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Руслан Жақсылықов президентке қорғаныс саласындағы жұмыстарды баяндады  

Фото: Ақорда

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy 

Жақсылықов Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндаған.

«Руслан Жақсылықов халықаралық оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, жауынгерлік дайындыққа жаңа әдістер енгізу жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ қарулы күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында айтты. Заманауи қару-жарақпен және әскери техникалармен қамтамасыз ету, қорғаныс инфрақұрылымын дамыту, әскери-патриоттық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілер мен зейнеткерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдауды арттыру шаралары туралы есеп берді», - деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берген.