$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2024, 12:45
Саясат

Садыр Жапаров ертең Астанаға ұшып келеді

8-10 тамызда Астанада маңызды шаралар өтеді

Садыр Жапаров ертең Астанаға ұшып келеді
Фото: Ақорда

Қырғызстан республикасының президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 8-10 тамызда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия+Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Астанаға келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қырғызстан Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиевтің айтуынша, сапар аясында қырғыз басшысы Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен келіссөздер жүргізеді.

«Астанада өтетін алдағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия+Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының саммиті көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталады»,- деді Мұратбек Әзімбақиев.

Сондай-ақ, саммит аясында Садыр Жапаров «Орталық Азия+Жапония» бизнес-форумына қатысады.

Серіктес жаңалықтары