АҚШ-тағы сайлау: Камала Харрис ресми түрде үміткер атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Партия делегаттарының 99%-ы саясаткерді қолдады

Фото: Brandon Bell/Getty Images

Камала Харрис ресми түрде АҚШ Демократиялық партиясының кандидаты мәртебесін алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Reuters хабарлауынша, партия делегаттарының 99%-ы саясаткерді қолдап дауыс берді.

Еске салайық, АҚШ-тағы президенттік сайлау 5 қарашаға жоспарланған. Республикашылардан Дональд Трамп сайлауға түседі. Бұрынғы демократиялық президенттікке үміткер Джо Байден сайлау жарысынан шықты.