02.08.2024, 20:38
Саясат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президенті Дени Сассу-Нгессоны елорда әуежайынан шығарып салды
Бұл туралы Ақорда хабарлады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Конго Республикасы Президентінің елімізге ресми сапары Алматы қаласында жалғасады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо Ақордада кездесіп, шағын құрамда келіссөз жүргізген болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Дени Сассу-Нгессоға ілтипат білдіріп, оның елімізге бұл сапарының тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Конго арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 11:01
Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасын бақылайтын мемлекеттік комиссия құруды тапсырды
31.10.2026, 10:02
Еліміздің бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлайды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды