02.08.2024, 15:49
Саясат
Түркияның Израильдегі елшілігі ХАМАС жетекшісінің өліміне аза тұтты
Елшілікте Түркия туы төмен түскен
Фото: Guy Elster / X
Израильдегі Түркия елшілігі туын төмен түсірді. Оның фотосуретін x/Twitter қолданушысының бірі желіге жүктеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Автордың айтуынша, бұл акция қаза болған ХАМАС радикалды топтарының жетекшісі Исмаил Ханияның құрметіне арналған.
«Тель-Авивтегі Түркия елшілігі ғимаратындағы түрік туы төмен түсті. Бұл Израиль тарапы өлтірді деп отырған Исмаил Ханияны аза тұтуға байланысты шара», - деп жазды желі қолданушысы.
Еске салсақ, жұма күні Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған ХАМАС саяси бюро төрағасы Исмаил Ханияның қаза болуына болуына байланысты бір күндік ұлттық аза тұту жариялады. Елдегі және шетелдегі барлық өкілдікте мемлекеттік тулар жартысына дейін төмен түскен болатын.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады