02.08.2024, 14:11
                Саясат
            Қазақстан Конгоға елші тағайындайды – Тоқаев
Маңызды құжаттарға қол қойылды
                        Фото: Ақорда
                                                            
                Конго Республикасы президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында 10 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар:
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Конго Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорт иелерін виза талаптарынан өзара босату туралы келісім;
 - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Конго Республикасының Сыртқы істер, франкофония және шет елдердегі конголықтардың істері жөніндегі министрлігі арасындағы саяси консультациялар туралы меморандум;
 - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Конго Республикасының Пошта, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электронды үкімет қызметтері, ғарыш және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
 - Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Конго Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі арасындағы тау-кен өнеркәсібі және геология саласындағы меморандум;
 - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Конго Республикасының Энергетика және гидроэнергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
 - «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Конго Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
 - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Natinal Petroieum Company of the Republic of Congo» арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
 - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
 - «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
 - «MSPP GL» ЖШС мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
 
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
03.11.2025, 14:18
            «Қыршыннан қиылды»: Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінің 3 студенті қатар қаза тапты
        03.11.2025, 16:12
            Қазығұртта дәл той кезінде отшашудан бола өрт шығып, қонақтар жапатармағай қашқан (ВИДЕО)
        03.11.2025, 17:47
            Қуандық Бишімбаевтың анасы өз туысын соттатып жатыр - әңгіме 990 мың долларға қатысты
        03.11.2025, 22:02
            Жаназаға асығып бара жатқан жігіттің қулығы әшкере болды