Қасым-Жомарт Тоқаев Конго президентін Ақордада қарсы алды

Автор: Azattyq Rýhy

Дени Сассу-Нгессо Астанаға ресми сапармен келді

Фото: Ақорда

Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.